Размер шрифта: больше или меньше

Маслихату 20 лет

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 1993 жылы Отанымыздың Ата Заңы қабылданды. Онда демократияны өрістету, халықтың билікті күшейту, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін жергілікті өкілді органдардың қажеттілігі заң жүзінде бекітілді. Осыған орай, 1993 жылдың 10 желтоқсанында «Жергілікті өкілетті және атқарушы органдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Бұл Заң Қазақстан Республикасының жоғары Кеңесімен жергілікті мемлекеттік органдардың құрамын және атауларын өзгертіп қоймай, облыс, аудан, қала аумағындағы халықтың өкілді органы мәслихат - депутаттар жиналысын қалыптастырды.

1994 жылдың 7 наурызында жергілікті билік органдары – мәслихаттарға алғашқы сайлау өткізілді.

Ұйғыр аудандық мәслихатының құрамы 25 депутат болып белгіленіп, оған халық таңдаулары төмендегі азаматтарға түсті: Марс Батталов, Айгуль Оразбаева, Қуаныш Тезекбаев, Ахмулжан Кебиров, Санәт Аманов, Турғанжан Авлилиев, Муртаза Хасяров, Айсажан Таипов, Сайдахмет Орманбеков, Тохтасун Марипов, Баян Әлдибекова, Жакен Мұқанов, Шаймардан Нурумов, Нурвяг Сеитов, Тәнірбек Дүнчибаев, Нурбуви Алахунова, Қасымахун Мақсатов, Қорғасбай Жуллаев, Аким Қадыров, Қасенхан Қасымжанов, Юлдаш Ахмуллаев, Екатерина Кожевникова, Абіляким Есуянов, Кардин Василов, Қуаныш Омаров.

Бірінші сайланған аудандық мәслихаттың қызметі еліміздегі терең қайта құрулармен, атқарушы және өкілді органдардың жаңа құрылымын қалыптастыру кезеңімен тұстас келді.

I шақырылған Ұйғыр аудандық мәслихатының бірінші сессиясы 2 сәуір 1994 жылы ұйымдастыру мәселесімен ашылып, аудандық мәслихаттың хатшысы қызметіне білімді де білікті, мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол, аудан жұртшылығына танымал Батталов Марс Арупұлы бірауыздан сайланды. Мәслихат жұмысын жүргізу бас маман Ыбырай Асаубаев пен Турсун Иминовқа бұйырды.

Бірінші шақырылған мәслихат - депутаттар жиналысының алдында аудан бюджетін тиімді және мақсатты жұмсалуын қадағалау, аудан халқын бәсірелік әлеуметтік қорғау жөніндегі бағдарламаның орындалуын бақылау. Шаруа қожалықтары мен шағын кәсіпкерлікті дамыту, экономиканың аграрлық секторында аудан халқын өзін - өзі азық түлікпен қамтамасыз ету, арзан бағамен азық-түлік дүкендерін ашу, жекешелендіру жөніндегі ұлттық мәселе, жұмыспен қамту, алымдар мен салықтарды белгілеу, халық денсаулығын сақтау, қылмысқа қарсы күрес, табиғат және жер ресурстарын ұтымды пайдалану, зейнетақы мен балаларға төленетін жәрдемақылардың төленуі, кез келген келеңсіздіктердің алдын алу оған жол бермеу сияқты өзекті мәселелер тұрды. Бұл жұмысты өкілетті орган ауданның атқарушы органымен бірлесе жұмыс жасай отырып қол жеткізгендігі баршаға аян.

Батталов Марс Арупұлы Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты депутаты болып сайлануына байланысты 29.03.1996 жылы мәслихат хатшысы болып Сейитов Абдужелил Авакриұлы сайланды.

Алғашқы шақырылған мәслихат депутаттарының құрамы (қызметінің немесе тұрғылықты мекен жайының ауысуына байланысты) Сарсеков Мүтәліп, Камаев Ахметжан, Тастанбекова Батима, Мечетин Николай, Сейитов Абдужелил, Бекенов Меліс толықтырды.

1999 жылдың 10 қазанында айында II шақырылған Ұйғыр аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өткізілді. Сайлау нәтижесі көрсеткендей аудандық мәслихаттың II шақырылымының депутаттары болып: Мәулен Нұров, Лутпулла Хавайдуллаев, Шамшидин Қадыров, Т. Батырханов, Қадырәлі Өсербаев, Тельман Турсунов, Бахтинур Изизова, Қасымахун Мақсатов, Қасенхан Қасымжанов, Тынышқан Байболаева, Абдужелил Сейитов, Карлин Василов, Өміржан Тургенбаев, Николай Мечетин сайланды. Кейіннен кезектен тыс сайлау қортындысы бойынша Тохтасун Марипов, Асқар Жабағиев аудандық мәслихаттың құрамын толықтырды. Аудандық мәслихаттың хатшысы болып №6 Қалжат сайлау округінің депутаты Турсунов Тельман Турсунұлы сайланды.

Бұл кезең алғашқы өтпелі кезеңге қарағанда біршама қалыптасқан уақыт болды. Алайда өкілетті орган алдында: шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, салық төлеушілер мен жүргізілетін жұмысты жетілдіру арқылы бюджет кірісін молайту, кәсіпорындардың қарызын жою, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының орындалуы, іс – қағаздардың мемлекеттік тілде жүргізілуі, мектептерді отын қорымен қамтамасыз ету, жетім және аз қамтылған отбасы балаларын ыстық тамақпен қамту, мектептерде медициналық кабинеттер ашу, дарынды балалармен жұмыс, кедейшілікті төмендету, қылмыс пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуде атқарушы билік пен қоян қолтық жұмыс істеу нәтижесінде қол жеткізді.

2003 жылғы қыркүйек айында III шақырылған Ұйғыр аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өткізілді.

Сайлау нәтижелерінде оның құрамына: Мәулен Нұров, Адылжан Мушрапилов, Шамшидин Қадыров, Сейсемқан Орманбекова, Зайтунәм Қадырова, Махаметжан Абдурсулов, Карлин Василов, Қасымахун Мақсатов, Қасенхан Қасымжанов, Кәрібай Қожағұлов, Рамиль Шарипов, Абдужелил Сейитов, Өміржан Тургенбаев және Айдар Айимбетов енді, аудандық мәслихаттың хатшысы болып №2 Үлкен Ақсу сайлау округінің депутаты Мушрапилов Адилжан Абукұлы аудандық мәслихаттың хатшысы болды.

Кезектен тыс сайлау қорытындысы бойынша Саутжан Зайнидинов пен Хасанжан Имировтар депутат болып сайланды.

Үшінші шақырылған мәслихат депутаттары ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын арттыру, озық технологияларды енгізу арқылы көкөністер мен жеміс жидектердің өнімін еселеу, отандық және шетелдік инвесторлар арқылы инвестиция тарту, дебитролық қарыздарды жою, ауыл шаруашылығына бөлінген несиелік қорлардың қайтарылуын қамтамасыз ету сияқты мәселелерді шешу жолдарын қарастырды. Халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында атаулы әлеуметтік көмек алушылар отбасыларына жеке шаруашылыққа мал, тұқым сатып алуға, жекеменшік іс ашуға, кәсіптік оқудан өткендерге әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекітті.

Жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту, мал басын өсіруге статистикалық есеп жұмыстарын реттеуді қадағалады. Жастарды жұмыспен қамту, оларға патриоттық тәрбие беру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды бұқаралық спортқа тарту, олардың кәсіпкерлікпен айналысуына жәрдемдесу, ұлттық мәдениет пен мемлекеттік тілді дамыту, қоғамдық тәртіпті нығайту – басты назарда болды.

2007 жылғы тамыз айында IV шақырылған Ұйғыр аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өткізілді.

Нәтижесінде Мәулен Нұров, Тохтахун Қадыров, Зайнидин Тохсунов, Нұрәкім Есжанов, Сахинур Айтахунова, Камилжан Юлдашев, Карлин Василов, Дана Бектемисова, Зунунжан Бұршақбаев, Кәрібай Қожағұлов, Саутжан Зайнидинов, Абдужелил Сейитов, Талғат Сыйлыбаев, Хасанжан Имировтар халық қалаулылары атанды. Аудандық мәслихаттың хатшысы болып №1 Сүмбе сайлау округінің депутаты Нұров Мәулен Мұқажанұлы сайланды.

Бұл еліміз экономикасы тұрақтанып келе жатқан кезең еді. Әлеуметтік мәселелерді шешу күн тәртібіндегі басты мәселе болды. Олар: «Ауыз су» бағдарламасын іске асыру үшін сметалық жобалау құжаттарына үнемделген бос қаржыны бағыттау. Денсаулық сақтау жүйесін дамыту, жас мамандарды шақырту және оларды тұрақтандыру. Қоғамдық тәртіпті нығайту, учаскелік полиция қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру. Бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылық өнімдерін жетілдіру, шаруа қожалықтарының несие алуымен лизингтік әдіспен техника алуға көмектесу, карантиндік объектілерден қорғау, таралу ошақтарын анықтау және жою.

2012 жылғы 23 қаңтарда V шақырылған Ұйғыр аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өткізіліп, оның құрамына Мәулен Нұров, Решат Шамшидинов, Нұрәкім Есжанов, Зайнидин Тохсунов, Жанар Алғожаева, Камилжан Юлдашев, Қадырғали Алимходжаев, Берікбай Атагельдиев, Аимкул Бейсенова, Кәрібай Қожағұл, Полатжан Джаппаров, Бәхитжан Бахтахунов, Ноғайбек Дауренбеков, Хасанжан Имиров сайланды. Аудандық мәслихат хатшысы болып мен сайландым.

Мәслихаттың бесінші сайлауынан бері екі жыл уақыт өтті. Осы уақытта аудандық мәслихат 29 сессия өткізіп, 100-ден астам мәселелер қаралып 183 шешім қабылдады, сонымен қатар жоспарға сай мәслихат сессияларында ауданның әлеуметтік –экономикалық дамуына қатысты көкейкесті мәселелер қаралып және тиісті шешімдер қабылданды. 2014 жылға арналған аудан бюджеті 5 млрд 19 млн 859 мың болып бекітілді.

Депутат –халық қалаулысы. Халықтың қоғамдағы талабы мен тілегі, мүддесі мәслихатқа депутат арқылы жеткізіледі. Сондықтан да мәслихатта депутаттық сауалдар сияқты формалары да кеңінен пайдаланылады.

Бесінші шақырылған аудандық мәслихаттың ерекшілігі тұрақты комиссиялар жұмысының бір жүйеге келуі. К.Юлдашев, Х.Имиров, К.Алимходжаевтардың басшылығымен тұрақты комиссия отырыстары жоспарлы түрде, тыңғылықты дайындалып, жан-жақты сарапталып өткізілуде.

Аудандық мәслихат депутаттары облыстық мәслихат депутаттарымен тығыз байланыста болып, ауданның әлеуметтік –экономикалық проблемаларына және бюджеттік саясатқа, заңдылық пен құқық тәртібін нығаюына айтарлықтай көңіл бөлуде.

Мәслихат депутаттары түгелдей «Нұр Отан» партиясының мүшелері. Сондықтан партияның кезекті XV Съезінде қабылданған партияның ұзақ мерзімді стратегиялық бағыт бағдарын айқындайтын саяси маңызы зор құжат – партияның жаңа саяси доктринасын жылы қабылдап, оның талқылауына белсене ат салысты.Аталған құжаттың ерекшелігі – табысты дамудың жеті басымдығының көрсетуі. Солардың бірі – тиімді мемлекеттік басқару. Бүгінде мемлекеттегі қоғамдық – саяси жағдай түбегейлі өзгерді. Ірі саяси реформалар жүзеге асырылды.

Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығына сәйкес 2013 жылдың тамыз айында ауыл әкімдерінің сайлауы болды.

Сайлаудың өз деңгейінде өтуіне ел ертеңіне бей –жай қарамайтын әрбір аудан азаматы бел шеше атсалысты. Ауыл әкімдеріне үміткерлерді іріктеген кезде аудан әкімі ең әуелі жергілікті қауымдастықтың ой-пікірін басты назарға алды. Депутаттар да бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, халықпен санасты.

Осындай депутаттар мен сайлаушылардың және аудан әкімінің арасындағы ара қатынастың беріктігінің арқасында сайлау жоғары деңгейде өтіп, халық өзі таңдаған әкімдерге қол жеткізді. Бұл жұмыстың нәтижесі жақсы болғанымен, болашақта депутаттарға үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Себебі ауыл әкімінің алдағы жұмысындағы кез келген кемшілік депутаттарға сын болуы мүмкін. Сондықтан пікір білдірген жергілікті қауымдастықтың да, ұсынған аудан әкімінің де сайлаған депутаттың да жауапкершілігі жеңілдемейді.

Бір ошақтың үш тағанындай: аудан әкімдігі, мәслихат депутаттары, жергілікті қауымдастық өз кезегінде ауыл әкімдерінің жұмысына сыни көзқараспен қарап, қадағалап отырады. Жіберілген кемшіліктерді өз мезгілінде түзетуге атсалысатын болады.

Ендігі кезекте мәслихат депутаттарының халық алдында есеп беруі жауапкершілікті арттырып қоймай, жинақылықты, берген уәдені дер кезінде орындауды талап етеді.

Бұған дейінгі заңда өзін - өзі басқару туралы айтылғанда негізінен мәслихатқа кеңінен орын берілген болса, енді нормативтік – құқықтық база қабылдануы арқылы ауыл әкімдерінің мүмкіндіктері айтарлықтай күшейтілді.

Сондықтан, «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді», дегендей аудан әкімдігі, мәслихат, ауыл әкімі мен жергілікті қауымдастық бірлесе жұмыс жасап халыққа қызмет етеміз деп ойлаймын. Бұл тиімді мемлекеттік басқарудың үлкен тетігі болмақ.

Соңғы шақырылым кезенде аудан әкімі К.А.Омаровтың 2012 жылдың тамыз айында және 2013 жылдың шілде айында аудандық мәслихат депутаттары алдында ауданның әлеуметтік –экономикалық және мәдени даму жөнінде есебі тыңдалды. Атқарылған жұмыстарға депутаттар тарапынан қаңағаттанарлық деген баға берілді.

Мәслихат жұмысының сапалы жүргізілуі, құжаттардың сауатты толтырылуы, сессияның жоғары деңгейде өтуінде аппарат қызметкерлерінің алар орны ерекше.

Қабылданған нормативтік –құқықтық актілердің құқықтық мониторингі тұрақты жүргізіліп келеді. Аудандық мәслихаттың аппараты өз жұмысын тиісті заңдылықтарға және мәслихаттың регламентіне сай атқаруда.

Сондықтан бүгінгі күнде мәслихат аппаратының басшысы А.Манапованың, бас мамандар Г.Ашимова, А.Сайден мен С.Муратова және жетекші маман Д.Ишкуллаевтардың еңбегін атап өткен орынды.

Бүгінгі күні бесінші шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаттарының алдында ауқымды міндеттер жүгі аз емес. Олардың ең бастылары атқарушы органдармен бірлесе отырып елді мекендерді дамыту бағдарламаларының орындалуына қол жеткізу, «Ақ бұлақ», «Балапан» бағдарламасын аяқтау, экология, жергілікті нысандағы жолдарды жөндеу, ауылдарды абаттандыру мәселелерін шешу. Сайлаушылар қойып отырған барлық мәселелерді, өтініштерді толығымен мерзімінде орындау мүмкін емес екені белгілі. Көптеген сұраныстар қомақты қаржыны, белгілі бір мерзімді қажет етеді. Сондықтан тұрақты комиссия мүшелері бар мүмкіндіктер мен тәжірибелерін қойылып отырған мәселелерді шешу жолына жұмсап, оларды үнемі өз назарында ұстайтын болады. Тұрақты комиссия жұмысының тиянақты тұғыры да нақ осында жатыр.

Өткен жиырма жыл кезеңіндегі өкілетті орган депутаттарының өрелі істерін, тәжірибелерін саралай отырып, аудандық мәслихат, оның депутаттары алдағы уақытта да халық сенімін ақтау, оның билігін қалыптастыру, сайлаушылар сенімінен шығу жолында жұмыс жасай беретін болады.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.