Размер шрифта: больше или меньше

История аппарата

Жергілікті органдар үкіметі Кеңес өкіметі кезінде ең көп және ауқымды көпшілік тобы – Совет Кеңестер одағы мемлекеттік үкіметінің саяси негізгі біртұтас жүйесі болды.

Еліміздің Конституциясына сәйкес, жергілікті халық депутаттар Кеңесі экономикалық және әлеуметтік дамуды жоспарлауды, мемлекеттік және әлеуметтік-мәдени құрылысты тікелей басқаруды, мекеме, ұжым кәсіпорындар қызметін үйлестіріп , заңдардың сақталуын қамтамасыз етіп, мемлекеттік және қоғамдық тәртіптің және азаматтардың құқығының сақталуын қамтамасыз етті.

Депутатық корпус құрамына білім деңгейі, кәсіптік даярлығы әр түрлі, түрлі ұлт өкілдері кірді. Негізінен жұмыстар тұрақты комиссиялар, атқару комитеті, сессия, аудандық халық депутаттары Кеңесі арқылы жүзеге асырылды. Қайта құрылу және егемендік алғаннан кейін, Қазақстан Республикасында мемлекет қызметінің барлық саласында демократияға негізделген қайта құрулар басталды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының жекелеген қызмет нормаларын тоқтату туралы» Заңына сәйкес 1992 жылы аудандық халық депутаттары Кеңесінің бөлімдері мен басқармаларын қысқарту туралы шешім қабылданды. 1994 жылдың наурызында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілетті және атқарушы органдар туралы» Заңының қабылдануына байланысты, жалпы мемлекеттің мүддесін есепке ала отырып, халықтың ерік – жігерін білдіріп, жүзеге асыратын, Мәслихат – депутаттар жиналысы құрылды.

Өкілетті және атқарушы органдар әлеуметтік – экономикалық даму бағдарламасының орындалуын, жергілікті органдардағы Конституцияның, Қазақстан Республикасы Заңдарын, өз құзіретіне кіретін мәслихат шешімдерінің орындалуын, республикалық және жергілікті органдардың бір – бірімен байланысын қамтамасыз етіп, жергілікті қызмет басқармасына тұрғындарды тартумен айналысты.

«Қазақстан Республикасының өкілетті және атқарушы органдары туралы» Заңына сәйкес 1994 жылдың 7 наурызында Ұйғыр аудандық Мәслихаты – депутаттар жиналысына депутаттар сайлауы өтіп 25 депутат сайланды. 1-ші шақырылған аудандық мәслихаттың жұмысы еліміздегі қайта құрулармен, атқару және өкілді органдардың жаңа құрылымдарын қалыптастыру кезеңіңе тұстас болды. Оның бірінші сессиясы сол жылдың 2 сәуір күні ашылып, мәслихат хатшысы болып аудан жұртшылығына танымал Батталов Марс Арупұлы сайланды. Мәслихат депутаттары аудан бюджетінің тиімді және мақсатты жұмсалуын қадағалау, аудан халқын әлеуметтік қорғау бағдарламаларының орындалуын бақылау, шаруа қожалықтары мен шағын кәсіпкерлікті дамыту және басқа да көптеген өзекті мәселелерді ауданның атқарушы органымен бірлесіп атқарды. Екі жылдан соң Батталов Марс Арупұлының Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутатығына сайлануына байланысты аудандық мәслихаттың хатшысы болып Сейитов Абдужелил Авакриұлы сайланды. Мәслихат жұмысын жүргізу бас маман Ыбырай Асаубаев пен Турсун Иминовқа бұйырды. Бірінші сессияда үш тұрақты және тексеру комиссияларының құрамдары мен төрағалары ашық дауыс беру арқылы сайланды.

Құрылған тұрақты комиссиялар өздерінің атауларына сай жан-жақты ауқымды қызметтерді қамтыған жұмыс жоспарларын құрып, осыған сәйкес жұмыла қызмет атқарды.

Тұрақты комиссиялар атаулары төмендегідей болды:

  • Халықты әлеуметтік жағынан қорғау, еңбекпен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, сауда, мәдениет, тіл және діни мәселелер жөніндегі;
  • Бюджет, әлеуметтік және экономикалық даму, өнеркәсіп, транспорт, құрылыс, байланыс, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі;
  • Заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы, еркі мен бостандығы мәселелері жөніндегі;

1995 жылы 30 тамызда жаңа Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануына байланысты Мәслихат – депутаттар жиналысы аудандық мәслихат болып қайта құрылды.

1999 жылы 10 қазанда Ұйғыр аудандық мәслихатының депутаттар сайлауы өтіп 14 депутат 4 жыл мерзімге сайланды. 1999 жылы 09 қарашадағы ІІ-ші шақырылған № 1 сессиясы өтіп, аудандық Мәслихатының хатшысы, үш тұрақты және тексеру комиссияларының құрамдары мен төрағалары сайланды.
Аудандық мәслихаттың хатшысы болып №6 Қалжат сайлау округінің депутаты Турсунов Тельман Турсунұлы сайланды. Аудандық мәслихатына осы сайланған депутатық топ 34 рет сессия отырысын өткізіп, халық қалаулыларының атқарып жатқан жұмыстары елдің еңсесінің көтерілуіне қосқан үлестерін халыққа көрсету мақсат етілді. Әрине депутаттардың негізгі жұмысы заң жүзінде халықтың көкейкесті мәселелерді көтеретін болғандықтан депутаттық сауалдар да кеңінен орын алып, сауалдардың барлығы дерлік осы отырыстарда жария етіліп депутаттардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылды. Мәслихат аппаратында Тышқанбаева Гульсара, Нурпеисов Ғалым, Манапова Арзигуль, Сартолов Қанат, Османов Өмәржан, Амангельды Муслим және Алинур Даутовалар жұмыс атқарды.

2003 жылы мерзімдерінің аяқталуына байланысты қыркүйек айында қайтадан сайлау өткізіп, 14 депутаттан құрылған депутаттық топ өз жұмысын 3 тұрақты және 1 тексеру комиссиясының құрамын сайлау арқылы бастады. Аудандық мәслихаттың хатшысы болып №2 Үлкен Ақсу сайлау округінің депутаты Мушрапилов Адилжан Абукұлы сайланды.

Аудандық мәслихатына ІІ шақырылған депутаттардың арасынан 2 депутат қайта сайланып ІІІ шақырылымға өтті. ІІІ шақырылған депутаттар өздерінің сайланған мерзімдерінде 46 рет аудандық мәслихатының сессиясын өткізді.

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне енгізілген өзгерістерге сәйкес депутаттар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңын басшылыққа ала отырып қоян қолтық жұмыс жүргізіп, елдің – жұрттың көңілінен шыға білді. Көптеген мәселелердің басын ашып саналы да сапалы қызмет атқарды. Қызығы мен қиыншылыққа толы бұл шақырылымда көтерілген мәселелердің барлығы дерлік бұқаралық ақпараттар құралдары бетінде жарияланып отырды.

Мәслихат аппаратында Манапова Арзигуль, Сетвалдиев Нариман, Ибрагимов Турлин, Шалкибаева Ранум және Сая Муратовалар жұмыс атқарды.

2007 жылдың 18 тамызындағы өткен Қазақстан Республикасы аудандық мәслихаты депутаттарын сайлаудың қортындысынан кейін, 27–ші тамызында аудандық мәслихатының кезекті ІҮ-шақырылған І сессиясы өз жұмысын 3 тұрақты 1 тексеру комиссиясын құру арқылы жалғастырды. Аудандық мәслихаттың хатшысы болып №1 Сүмбе сайлау округінің депутаты Нұров Мәулен Мұқажанұлы сайланды. Бұл жолы ІІІ-ші шақырылымнан 6 депутат ІҮ-ші шақырылымға қайта сайланды. Барлығы 14 депутаттан құрылған халық қалаулылары өз шақырылымында 48 рет сессия өткізіп, осы сессияларда 360 тан астам түрлі шешімдер қарап, маңызды да сапалы қызмет атқарды.Уақыт өткен сайын Заң өзгеріп сан түрлі мәселелер өз шешімдерін тапты.

Мәслихат аппаратында Манапова Арзигуль, Муратова Сая, Акишева Жанат, Ашимова Гулямхан және Гаухар Мондыбаевалар жұмыс атқарды.

2012 жылдың 15 қаңтарында өткен кезектен тыс Қазақстан Республикасы аудандық мәслихаты депутаттарын сайлаудың қортындысынан кейін 23 қаңтарында аудандық мәслихатының кезекті Ү-шақырылған І ұйымдастыру сессиясы өз жұмысын 3 тұрақты комиссиясын құру арқылы жалғастырды. Аудандық мәслихаттың хатшысы болып №3 Ават сайлау округінің депутаты Есжанов Нұрәкім Есенбайұлы сайланды. Бұл жолы ІV-ші шақырылымнан 6 депутат Ү-ші шақырылымға қайта сайланды.
Мәслихат аппаратында Манапова Арзигуль, Ашимова Гулямхан, Муратова Сая, Куныпияев Данекер, Сайден Аида, және Данияр Ишкуллаевтар жұмыс атқарды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.