Размер шрифта: больше или меньше

Публичные слушания

2018 жылдың 05 маусымында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялардың қоғамдың тыңдау отырысында төмендегі мәселе қаралды

Категория: Публичные слушания
Дата: 07.06.2018
Просмотры: 607 Печать страницы
2018 жылдың 05 маусымында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялардың қоғамдың тыңдау отырысында төмендегі мәселе қаралды
2018 жылдың 05 маусымында аудандық мәслихаттың
тұрақты комиссиялардың қоғамдың тыңдау отырысында
төмендегі мәселе қаралды

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 13 бабы 1 тармағында тұрақты комиссиялар өз бастамасы бойынша немесе мәслихат шешімі бойынша көпшіліктік тыңдаулар өткізе алады, ал 2-ші тармағында көпшіліктік тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, өзін – өзі басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген отырыстары түрінде қоғамдық мәні бар мәселелерді талқылау мақсатында өткізіледі деп көрсетілген. Осы заңды басшылыққа ала отырып отырыстың күн тәртібіне:

Аудан көлемінде құрылыс жұмыстарының жүргізілу барысы, мемлекеттен бөлінген қаржының тиімді игерілуі, жұмыс сапасы туралы мәселе енгізілді.

Көпшіліктік тыңдаудың негізгі мақсаты аудан көлемінде құрылыс саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға қоғамның көңілін аудару. Мердігерлердің жауапкершілігін ояту. Жұмыс сапасы мен бөлінген қаржының тиімді игерілуінің алдын алу. Атқарылып жатқан жұмыстарға қоғамның назарын аудару. Сол арқылы мердігерлердің жауапкершіліктерігін көтеру.

Осыған орай, аудандық мәслихат депутаттары аудан бойынша құрылыс нысандарының жүргізілу барысы және жұмыс сапасымен танысып қайты. Құрылыс жұмыстарын жандандыру сапасын жақсарту, қаржысын тиімді игеру бойынша мердігер мекемелерге ұсыныс енгізілді.

Аталған мәселе бойынша қоғамдық тыңдау отырысында кеңінен талқыланды. №8 Тасқарасу сайлау округінің депутаты Б.Атагелдиев аудан бойынша құрылыс нысандарының жағдайымен таныстырған болса, аудандық құрылыс, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекция, аудандық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшылары хабарлама жасады.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының қоғамдық тыңдау отырысында қаралған мәселе бойынша тиісті қаулы қабылданды.



 

Алтыншы шақырылған Ұйғыр аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының қоғамдық тыңдау отырысының

ҚАУЛЫСЫ

 

Шонжы ауылы 05 маусым 2018 жыл

 

  1. Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары жайлы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Г.Баратовтың, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекция бөлімінің басшысы Т.Сайдахметовтың, аудандық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Р.Исмаиловтың есептері назарға алынсын.
  2. Құрылыс жұмыстарын жандандыру сапасын жақсарту, қаржысын тиімді игеру бойынша мердігер мекемелерге жеке-жеке ұсыныс енгізілсін:

 

І. «Стройиндустрия» ЖШС (басшысы Ахманов Самат)

- Құрылыс нысандарын уақытылы аяқтау үшін құрылыс қаржыны одан әрмен жандандыру;

- Жұмыс кестесі мен нысан паспортының болуын қамтамасыз ету;

- Қырғызсай және Сүмбе ауылдарындағы УПП нысандарында адам күшін көбейту, құрылыс материалдарымен уақытылы қамтамасыз ету;

- Құрылыс басшыларының уақытылы нысан басында болуын қамтамасыз ету;

- Техникалық қадағалауды күшейту.

ІІ. «Союзнефтегазстрой» (басшысы Хасанов Манас)

- Құрылыс нысандарын уақытылы аяқтау үшін жұмыс қарқынын одан әрмен жандандыру;

- Жұмыс кестесі мен нысан паспортының болуын қамтамасыз ету;

- Кетпен ауылы бойынша құрылысқа нақты мамандарды тарту, құрылыс материалдарының сапасын жақсарту;

- Қалжат ауылы бойынша жұмыс қарқынын күшейту. Қосымша жұмыс күшін қосу;

- Кіші Дихан ауылы бойынша сор шыққан кірпіштерді арнайы ерітіндімен жуу;

- Барлық нысандар бойынша құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету;

- Құрылыс басшыларының уақытылы нысан басында болуын қамтамасыз ету;

- Техникалық қадағалауды күшейту.

ІІІ. «Тунас» ЖШС (басшысы Түлкібаев Намазтай)

- Құрылыс қарқынын күшейту;

- Құрылыс материалдарымен уақытылы қамтамасыз ету;

- Жұмыс кестесін көрнекі жерге орналастыру.

ІV. «Алматы жолдары» ЖШС (М.Сапарғалиев)

- Кетпен ауылы көшелерінің жұмысын жандандыру. Қажетті құрылыс материалдарының мәселесін шешу;

- Тиірмен ауылында жұмысты бастау;

- Ардолайты ауылына баратын кірме жолды сапалы жасау;

- Шонжы ауылында көшелердің орташа жөндеу жұмыстарын бастау.

V. «Асыл тау» ЖШС (басшысы Мамырбаев Ершат)

- Қырғызсай ауылындағы ауыз су құрылысын қажетті материалдармен қамтамасыз ету;

- Жұмысшылар санын көбейту;

- Жұмыс сапасын жақсарту;

- Жұмыс кестесін көрнекі жерге орналастыру;

- Ауыл тұрғындарының көлік қатынасы мен жүк тасымалдауына уақытылы мүмкіндік жасау.

VІ. «Никонстрой» ЖШС (басшысы Руслан Губайдуллин)

- Жұмыс қарқынын күшейту;

- Жұмыс кестесін көрнекі жерге орналастыру.

VІІ. «Агромелиострой» ЖШС (басшысы Бақытбек Байболов)

Үлкен Дихан ауылындағы ауыз су нысаны жұмысын уақтылы аяқтау үшін іс шара жасау және оны жүзеге асыру.

VІІІ. «Азамат құрылыс» ЖШС (басшысы Жарқын Бекутов)

- Тасқарасу ауылындағы учаскелік полиция пункті ғимаратын кестеге сай аяқтап, сапалы өткізіп беру;

- Добын орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарын тез арада бастау;

- Жұмыстың басталғандығы туралы аудандық мәслихат аппаратына

12.06.2018ж дейін хабардар ету;

- М.Жалилов атындағы орта мектептің жұмысын 01.07.2018 жылға дейін аяқтау.

3. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының анықтамасында және отырыс барысында айтылған сын – ескертпелер мен кемшіліктерді түзетіп, атқарылған жұмыстар туралы 2018 жылдың 20-ші шілдесіне дейін аудандық мәслихат аппаратына жазбаша анықтама ұсыну тапсырылсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау тұрақты комиссиялардың төрағаларына жүктелсін.

 

Төраға                             К.Юлдашов

Төраға                             Е.Ахметов

Төраға                            Н.Дауренбеков

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.