Размер шрифта: больше или меньше

Отчет работы маслихата

Отчет секретаря районного маслихата Н.Есжан о работе Уйгурского районного маслихата в 2021 году

Категория: Отчет работы маслихата
Дата: 21.02.2022
Просмотры: 1219 Печать страницы

Ұйғыр аудандық мәслихаттың 2021 жылы атқарған жұмысы туралы аудандық мәслихат хатшысы Н.Есжанның есепті баяндамасы

 

 

Құрметті аудан тұрғындары!

Аудандық мәслихат өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңы мен Үкімет Қаулыларын және басқа да мемлекеттік құқықтық заң актілері негізінде аудандық мәслихаттың регламентін басшылықа ала отырып жұмыс атқарып келеді.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Қаулысына сәйкес 2021 жылдың 10 қаңтар күні мәслихат депутаттарының сайлауы өтті.

Жетінші шақырылған Ұйғыр аудандық мәслихатына 14 депутат сайланды. Оның 13-і «NurOtan» партиясынан, 1-і «Ауыл» партиясынан сайланды. Сайланған депутаттар білім, қаржы, ауыл шаруашылық, мәдениет, журналистика және инженер салаларының мамандары.

Барлығы: 14 депутат, ерлер-10, әйелдер-4; орташа жас-44; білімі: 14 жоғары, педагогикалық -6, техникалық -4, ауыл шаруашылық -1, экономика -1, журналистика-1, мәдениет -1; ұлты: қазақ-10, ұйғыр-4.

29 жасқа дейін 2 жас депутат сайланды, ол - 14,2 % құрайды;

30-40 жасқа дейін 4 - 28,5%,

41-50 жасқа дейін 3–21,4 %,

51-60 жасқа дейін 3 – 21,4 %,

61 ден жоғары 2 – 14,2 %, депутаттардың орташа жасы 44.

Ерлер 10, әйелдер 4.

14 депутаттан 6 депутат бұрынғы шақырылымнан қалып, 40 пайызды құрады.Оның ішінде 6 рет сайланған -1, төрт рет сайланған -1, 1 депутат- 3 рет сайланса, 2 депутат 2 мәрте халық қалаулысы аттанды.

15қаңтар 2021 жылы жетінші шақырылған аудандық мәслихаттың 1-ші сессиясы шақырылды. Онда ұйымдастыру мәселесі қаралып, өз өкілеттігі мерзіміне 3 тұрақты комиссия құрылып, оның төрағалары мен мәслихат хатшысы сайланды. «NurOtan» партиясының депутаттық фракциясы бекітілді.

Есепті жыл ішінде жоспарлы 4, кезектен тыс 14, барлығы 18 сессия өткізіп, 89 шешім қабылданды. Оның 8 нормативтік құқықтық акт болып, әділет министрлігінің мемлекеттік тіркеуден өтті.

Атап айтқанда 2021-2023 жылдарға арналған аудан және ауылдық округтер бюджеттері 9 млрд 858 млн 675 мың теңге болып қабылданып, оған 2021 жылы 4 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 36 бабына сәйкес ауылдық округтегі жергілікті қауымдастықтың келісіммен берілген аудан әкімінің ұсынысы негізінде 2021 жылдың ақпан айында Кіші Дихан,сәуір айында Ақтам ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті.

Мәслихат өз сессияларында Шонжы, Қалжат, Тасқарасу және Ақтам ауылдық округтеріне қарасты көшелерге жаңа атау беру және қайта атау туралы аудан әкімінің бірлескен шешімдері қабылданып, облыстық ономастика комиссиясының қарауына жіберілді.

- Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» 2006жылғы 18 қаңтардағы №19 Жарлығына сәйкес өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөнінде аудан әкімі Нурахунов Шухрат Турдахунұлының мәслихат депутаттарының алдындағы есебі тыңдалып, бекітілді.

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26желтоқсандағы №982 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналға мемлекеттік бағдарламасының» ауданда орындалуы туралы мәселе қаралды.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жәңне өзін –өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сай аудан әкімі жанынан құрылған комиссиялар мен консультативтік кеңестердің құрамына 10 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

-Кетпен және Қырғызсай ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.

- Тұрмыстық қалдықтарды басқарудың жай – күйі, проблемалары, қалдықтардан тазарту және оларды өңдеу бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудан әкімінің орынбасары Хусуров Алымжан Навердинұлының баяндамасы тыңдалды.

-Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы №968 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының ауданда орындалуы туралы аудан әкімінің орынбасары Исаев Қайрат Асқарұлының баяндамасы тыңдалды.

Жыл соңында ауданның және 14 ауылдық округтің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті10 млрд 010 млн 592 мың теңге көлемінде бекітілді.

Ауданның әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына өз үлесін қосқан 10 азаматқа «Ауданның құрметті азаматы» атағын беру туралы аудан әкімінің ұсынысы оң шешімін тапты.

Мәслихат аппаратына өткен жылы жеке тұлғалардан жалпы17 өтініш келіп түсті. Оның 8-і жазбаша, 9-і ауызша. Барлық өтінішке заң аясында жауап берілді.

Жоғары органдардан -81, ал жергілікті мекемелерден -136 хат тіркелген болса, оның 212мемлекеттік тілде, 97,7% пайызды құрады. Шығыс құжаттары 129, барлығы 100% пайыз.

Мәслихат қызметінің негізгі нысаны оның сессиялары мен тұрақты комиссиялары болып табылатындықтан өз жұмысын «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асыруда.

Сессия жұмысына аудан әкімі мен оның орынбасарлары, аппарат басшысы, облыстық мәслихат депутаты, ауылдық округ әкімдері, құқық қорғау органдарының, мекемелер мен бөлім басшылары, қоғамдық ұйымдар төрағалары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бап, 1 тармақ, 1 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат хатшысы және тұрақты комиссия төрағалары мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы барлық ауылдық округтерде сайлаушылар алдында 2021 жылдың 08 -11 ақпан аралығында есеп берді.

Сайлаушылар тарапынан жалпы 62 сұрақ қойылды, оның 41-не кездесу барысында түсінік берілді, 21-не хат арқылы жауап жолданды.

Депутат жұмысының негізі - депутаттық сауал. Осы тұрғыда өткен жылы 9 депутаттық сауал жолданған.

Депутаттардың жұмысындағы ең маңыздысы, олардың сайлау округтерінде орындаған тиімді жұмыстары болып табылады. Сондықтан аудандық мәслихат депутаттары өздерінің депутаттық өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында әрбір округтер мен «NurOtan» партиясы аудандық филиалында белгіленген кестеге сәйкес азаматтарды қабылдайды. Қабылдау кестесі аудандық «Қарадала тынысы – Қарадала нәпәси» газетінде және әлеуметтік желілерде жарияланады.

Өткен жылы жалпы депутаттар тарапынан барлық санитарлық нормаларды сақтай отырыпқабылдаулармен кездесулерөткізіліп, 480 азамат жеке мәселелері бойынша қабылданды. (оның 144-іаудандық «NurOtan» партиясының филиалында). Кейбір мәселелер қабылдаубарысында оң шешімін тапқан болса, көшелердің түнгі жарық, көшелердің жөндеу жұмыстары, жұмысқа орналастыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік көмек көрсету туралы мәселелер бойынша заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Есепті жылдың 01 сәуір күні аудандық мәслихат аппаратының мамандарымен депутаттарға Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару туралы» Заңымен және аудандық мәслихаттың 2016 жылдың 20 шілдесінде қабылданған «Ұйғыр аудандық мәслихатының регламенті туралы» №6-5-30 шешімімен таныстырылып, депутаттық оқу ұйымдастырылды.

Жетінші шақырылған аудандық мәслихатта құрылған «Бюджет, экономикалық даму, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, байланыс, сауда, туризм, тұрғын үй мәселелер жөніндегі»(Амангельды Муслим), «Халықты әлеуметтік жағынан қорғау, жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, жастар ісі, мәдениет, тіл және діни мәселелер жөніндегі», (Абдилова Бибигүл Байжұмақызы) «Заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы, жергілікті өзін –өзі басқару, ауылшаруашылық, жер қатынастары, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі» (Ашимов Алимжан Тохтиұлы) үш тұрақты комиссия өз жұмыстарын тиянақты атқарып келеді.

Жалпы отырыстарда талқыланған мәселелер бойынша дайындалған анықтамалық құжаттар, ұсыныс – пікірлер, қаулылар мәслихат сессияларына, аудан әкіміне, қажеттілігіне қарай округ әкімдеріне, тиісті бөлімдер мен мекеме басшыларына жіберіліп отырды. Аудандық мәслихаттың сессияларымен тұрақты комиссияларының отырыстары, көпшілік тыңдаулар жайлы материалдар аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында, аудандық мәслихаттың ресми сайтында және аудандық мәслихат депутаттарының әлеуметтік желісіндетұрақты жариялануда.

Құрметті жерлестер!

Алдағы уақытта аудандық мәслихат депутаттары өздеріне жүктелген міндеттерін заң аясында атқарылуымен қатар ауданның әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына өз үлесін қосады деп сендіремін.


Назарларыңызға рақмет!

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.