Размер шрифта: больше или меньше

Отчет работы маслихата

Алтыншы шақырылған Ұйғыр аудандық мәслихаттың 2019 жылы атқарған жұмысы туралы аудандық мәслихат хатшысы Н.Есжанның есепті баяндамасы

Категория: Отчет работы маслихата
Дата: 04.02.2020
Просмотры: 208 Печать страницы
Алтыншы шақырылған Ұйғыр аудандық мәслихаттың 2019 жылы атқарған жұмысы туралы аудандық мәслихат хатшысы Н.Есжанның есепті баяндамасы
Алтыншы шақырылған
Ұйғыр аудандық мәслихаттың
2019 жылы атқарған жұмысы
туралы аудандық мәслихат хатшысы
Н.Есжанның есепті баяндамасы
 
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 23 бабының 1 тармағына сәйкес
 
Құрметті қоғамдық кеңес мүшелері!
Құрметті әріптестер және есепті басқосуға қатысушылар!

 

Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Жергілікті өкілді органдар – мәслихаттар тиісті әкімшілік – аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды», - деп көрсетілген.

Аудандық мәслихат өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңы мен Үкімет Қаулылары және басқа да мемлекеттік құқықтық заң актілері негізінде аудандық мәслихаттың регламентін басшылықа ала отырып жұмыс атқарып келеді.

Өткен жылы аудандық мәслихат депутаттары Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың алға қойған бағдарламалары мен Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының жүзеге асырылуын басты назарда ұстады.

Аудандық мәслихат хатшысы ретінде, аудан әкімдігінің аппарат және алқа жиналыстарына, жедел кеңестеріне, аудан әкімінің азаматтарды жеке қабылдауына, тұрғындармен есепті және жоспарлы кездесулеріне үнемі қатысып келемін.

Аудандық мәслихат депутаттары аудан әкімі жанындағы құрылған консультативтік – кеңесші органдар мен комиссиялар құрамында маңызды мәселелерді шешуге атсалысуда.

Атап айтқанда 11 комиссия мен 2-і кеңесте (23 депутат), яғни Болатұлы Нұрсұлтан -5, Нұров Мәулен -4, Амангелді Мүслім – 2, Дауренбеков Нуғайбек – 3, Қожағұл Кәрібай -2, Юлдашев Камилжан -2, қалған 5 депутат 1 ден комиссия мүшелері.

Осының бәрі барлық сұрақтардан хабардар етумен қатар оның шешу жолдарын қарастырады.

Мәслихат қызметінің негізгі нысаны – сессия болғандықтан, жылдық жоспарға сәйкес кезекті төрт мәрте, сонымен қатар мәслихат депутаттарының үштен бірінің дауысымен және аудан әкімінің ұсынысы негізінде кезектен тыс сессиялар шақыртылады.

Мәслихат сессияларында ауданның аумақтардың даму бағдарламасы, экономикалық және әлеуметтік даму жоспары, аудан бюджеті мен төртінші деңгейлі ауылдық округ бюджеттері, аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдерінің есептері, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары мен біріңғай тіркелген салық мөлшерлемелері бекітілді және өткен жылдың бюджетінің орындалуы туралы аудандық қаржы бөлімі мен облыстық тексеру комиссиясының есептері қаралды.

Сессияда қаралатын мәселелер жан – жақты даярлықты қажет етеді. Сондықтан жұмысшы топтар, уақытша комиссиялар құрылып, сараптама жүргізіп анықтамалар дайындалды. Тиісті мекемелер мен ауылдық округтерден хабарлама – анықтамалар жинақталды. Бұл істе аудандық мәслихат аппараты қызметкерлерінің еңбегін атап өткен орынды. Әр бір депутаттың жұмысын үйлестіріп қана қоймай, Қоғамдық кеңестің, «NurOtan» партиясы аудандық филиалымен тығыз байланыста жұмыс жасады.

Депутаттар мен аппарат қызметкерлері бірлікте мәслихаттың күнделікті ұйымдастыру жұмыстарын қоғамдық құрылымдар және тұрақты комиссиялар арқылы заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асыруда.

Есепті жыл ішінде жоспарлы 4, кезектен тыс 13, барлығы 17 сессия өткізіп, 88 шешім қабылдады. Оның 11 нормативтік құқықтық акт.

Атап айтқанда 2018 жылдың 28 желтоқсанында 2019-2021 жылдарға арналған аудан бюджеті 8 млрд 627 млн 070 мың теңге болып қабылданып, оған 2019 жылы 4 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

(Ұйғыр ауданының ауылдық округтерінің 2019-2021жж арналған бюджеттері туралы, ауылдық округтерінің бюджетіне 4 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, Ұйғыр ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшермелерін белгілеу туралы, Ұйғыр ауданының 2020-2022жж арналған бюджеті туралы).

Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарына сәйкес аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы БАҚ арқылы хабарлама беріліп, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар және жоғары тұрған сайлау комиссияларымен бірлесе отырып, аудандық аумақтық және 38 учаскелік сайлау комиссияларының құрамына 261 мүше сайланды.

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сай мәслихат жанынан жұмысшы топ құрылып, аудандағы азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардан ұсыныстарды қабылдап Қоғамдық кеңестің 19 мүшесін сайлау тағы мәслихат депутаттарының еншісінде болды. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын шақырып, кеңестің төрағасын сайлауға дейінгі жұмыстарды атқарды.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 36 бабына сәйкес ауылдық округтегі жергілікті қауымдастықтың келісіммен берілген аудан әкімінің ұсынысы негізінде 2019 жылдың қаңтар айында Тасқарасу және сәуір айында Бахар ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті.

Мәслихат өз сессияларында Үлкен Ақсу ауылдық округінде ауыл құру және ат қою (Достық), Шарын, Үлкен Ақсу, Бахар, Қырғызсай, Қалжат, Тасқарасу және Шонжы ауылдық округтеріне қарасты көшелерді қайта атау және жаңа атау беру туралы аудан әкімінің бірлескен шешімдері қабылданып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысын алуға жіберілді.

Кезектен тыс елу үшінші (53) сессияда Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» 2006жылғы 18 қаңтардағы №19 Жарлығына сәйкес өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөнінде аудан әкімі Нурахунов Шухрат Турдахунұлының мәслихат депутаттарының алдындағы есебі тыңдалып, бекітілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сай аудан әкімі жанынан құрылған комиссиялар мен консультативтік кеңестердің құрамына 12 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына өз үлесін қосқан 10 азаматқа «Ауданның құрметті азаматы» атағын беру туралы аудан әкімінің ұсынысы депутаттар тарапынан оң шешімін тапты.

Кезекті елу алтыншы (56) сессияда Шарын және Үлкен Ақсу ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалып, тиісті шешім қабылданды. Шешімде мәслихат хатшысының өкімімен құрылған уақытша комиссияның ұсынысына сай жіберілген кемшіліктер мен атқарылатын жұмыстар бойынша іс шара жоспарларын жасау тапсырылды. Жоспардың орындалғаны жөнінде ақпарат мәслихат аппаратына көрсетілген мерзімде жауап берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі №118 Жарлығымен бекітілген «2016 - 2020 жылдарға арналған аумақтарды дамыту» бағдарламасының ауданда орындалуы туралы мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Хусуров Алымжан Навердинұлының баяндамасы тыңдалды.

Бұл мәселе бойынша депутаттар тарапынан бірқатар сын ескертпелер айтылды. Даму бағдарламасыс халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайының және аудан инфрақұрылымның тұрақты дамуы деңгейі мен сапасын жақсартуға бағытталған.

Бағдарлама бойынша 6 бағыт, 22 мақсат, 68 нысаналы индикатор және 89 іс шара қарастырылған. 2018 жылдың қорытындысы бойынша 56 нысаналы индикаторға, яғни 82,4 пайызға қол жеткізген, 12 нысаналы индикаторлар орындалмаған (17,6 пайыз), 89 іс шараның 80-і – 89,9 пайызға орындалып, 9-і – 10,1 пайызға орындалмаған. Осыған орай аталған кемшіліктерді жою, қабылданған шаралар жоспарын уақытында, сапалы жүзеге асыру аудан әкімдігінен, ауылдық округ әкімдерінен, жауапты бөлім және мекеме басшыларынан сұралу туралы шешім қабылданды.

Кезекті елу тоғызыншы (59) сессияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» ауданда орындалуы туралы аудан әкімінің орынбасары Құралбек Ахметбайұлы Бекмұханбетов баяндама жасады. Депутаттар тарапынан ауыл шаруашылық өнімінің көлемін арттыру мақсатында біршама жұмыстарды атқару ұсынылды.

1.Ауылдардағы өзін-өзі қамтамасыз етушілерді жан-жақты қолдау.

2. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен есепке алуды нақты жүйеге келтіру.

3. Ауыл шаруашылығын тұрақты, ырғақты дамыту үшін кластерлік жүйені еңгізу; өнімдердің бағасын тұрақтандыру мен өтімділігін қолға келтіріп, бәсекелестікке қабілеттігін арттыру.

4. Ауылшаруашылығы мен бірге жеңіл өнеркәсіп өнімдерін дамыту.

5. Шикізат өңдейтін жаңа нысандар салу мен цехтарды ашу.

6. Шағын несие жұмысын дамыту.

Жыл соңында ауданның және 14 ауылдық округтің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті 12 млрд 254 млн 168 мың теңге көлемінде бекітілді.

Мәслихат аппаратына өткен жылы жеке тұлғалардан жалпы14 өтініш келіп түсті. Оның 7-і жазбаша, 7- ауызша. Нақты шешілгені – 4, түсінік берілгені -10.

 

  1. Абиров Алигазы Абдукалыкұлы – малды қыстауда бағуды зандастыру туралы. Аудандық орман шаруашылығы тарапынан ережеге сай келетін орман қоры жерлеріндегі қоралардың құжаттарын заң аясында рәсімдеуге көмек көрсету, заңға қайшы келетін жерлердегі қораларды бұзып алып кету жұмыстарын жүргізу туралы түсінік берілді.
  2. Акашева Бибинур Ташбулатқызы – жеке куәлік алуға құжаттарын рәсімдеуде көмек беру туралы. Оңтайлы шешілді.
  3. Джалалов Айса – жайылымдық жер алу туралы. Жайылымдылық жер заң аясында конкурс арқылы берілетіні түсіндірілді.
  4. Абдуллаев Нурюсуп Тавакелұлы - Балабақша ашу үшін – түсінік берілді.
  5. Асқарбай Жұмахан – баласын мал дәрігерлік жұмысқа орналастыру жайлы. Аудандық ветеринарлық станциясына барып жолыгу қажеттілігі түсіндірілді.
  6. Мурдинов Тимур Нуржанұлы - хоум кредит банкінен алған несиені 3 ай төленбегендіктен карточкасын буғаттау туралы. Мәселе оңтайлы шешілді.
  7. Гульметова Роза Камбаровна – а) ауыл тұрғындарының құжаттарын рәсімдеу туралы. Ш.Сабуровтан хат алынып, жазбаша түсінік берілді.

б) мал өлекселерін тастайтын орын туралы. Түсінік берілді.

8) Валибаев Олжас Абдыкалыкұлы – жұмысқа орналасу туралы. Жұмысқа өтініш беру арқылы кезек ретімен қабылданатындығы түсіндірілді.

9) Ибрагимов Тохтахун – Шарын ауылындағы үйге өрт кеткен кезде көрсеткен ерлігі үшін мемлекеттік наградаға ұсыну. Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментіне хат жіберілді.

10) Кушимбаева Айзат Оразкынқызы – атаулы әлеуметтік көмек алу туралы. Ауылдық округ әкімшілігімен қоғамдық жұмысқа немесе басқада жұмыс орындарын ұсыну сұралды.

11) Шаймухаев Берік Наманжанұлы – Жиын барысында мектеп директорының үстінен жазылған жазбаша арыздар туралы. Алдағы уақытта отырыста айтылған кемшіліктердің қайталанбауын қатаң ескертті.

12) Ибрагимов Ершат Ермакович – Бахар ауылдық округ әкімін сайлауға ықпал ету туралы. Аудандық мәслихат хатшысының дауыс беруде бір азаматқа басымдылық жасауға құқығы жоқ екендігін туралы жазбаша жауап қайтарылды.

13) Итахунов Сеитжан – Аудандық мәслихат депутаты З.Тохсуновтың жерінен 10 га шабындықтың шөбін 2019ж 1 қыркүйегіне дейін И.С. шауып алу, ал залал келген И.С. 10 га жердегі шөпті шауып алу З.Т. берілгені жөнінде ортақ мәмілеге келіп, аталған мәселе екі жақты келісіммен шешілді.

Жоғары органдардан 56, ал жергілікті мекемелерден 122 хат тіркелген болса (178), оның 174 мемлекеттік тілде - 97,7 пайыз. Шығыс құжаттары -173, барлығы 100 пайыз мемлекеттік тілде.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылауда ауылдық округ тұрғындарымен кездесулер өткізілді. Осы орайда депутаттар аудандағы барлық ауылдық округтердің тыныс – тіршілігімен танысып қайтты. Ондағы мақсат:

  • сайлаушылармен кері байланыс орнату арқылы халықтың көкейіндегі сұрақтарды атқарушы билікке жеткізе отырып, шұғыл арада шешім қабылдауға ықпал ету;
  • ауылдық округтердің тыныс – тіршілігімен жақыннан танысу, жеткен жетістіктері мен «әттеген - ай» жіберген кемшіліктерін көрсету арқылы, проблемалық мәселелерді айқындау;
  • төртінші деңгейлі бюджетті қалыптастыру.

Бұл кездесулер жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сайлаушылар тарапынан айтылған өтініштерге жауаптар берілді. Сонымен қатар 43 сұрақ аудан әкіміне жөнелтілді. Атап айтқанда Қырғызсай ауылының ауыз су мәселесі, Сүмбе орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарының кестеден кешігуі, Үлкен Ақсу ауылы Долайты арасындағы көпір, өнім өткізу мәселесі. Ардолайты ауылының су құбыры, Тасқарасу ауылы жер асты сулары, Шарын ауылы мектебінің су кету мәселесі, Қалжат ауылы амбулатория ғимараты, Тиірмен ауылындағы транформатор қою мәселелері, тағы басқа 13 мәселе нақты шешімін тапты.

Мәслихат қызметінің негізгі нысаны оның сессиялары мен тұрақты комиссиялары болып табылатындықтан өз жұмысын «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асыруда.

Мәслихаттың барлық сессиялары ашық түрде өткізілді. Сессия жұмысына аудан әкімі мен оның орынбасарлары, аппарат басшысы, облыстық мәслихат депутаты, ауылдық округ әкімдері, құқық қорғау органдарының, мекемелер мен бөлім басшылары, қоғамдық ұйымдар төрағалары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Аудандық мәслихат ауданның әлеуметтік - экономикалық және мәдени дамуында атқарушы билікпен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмысын атқаруда. Аудандық Қоғамдық Кеңеспен (төрағасы Қ.Мереимов) бірлесе «Аудан көлемінде құрылыс жұмыстарының жүргізілу барысы, мемлекеттен бөлінген қаржының тиімді игерілуі, жұмыс сапасы» туралы көпшілік тыңдау өткізу арқылы бюджеттен бөлінген қаржының тиімді игерілуімен қатар мердігер құрылысшылардың жауапкершілігін көтеруге ықпал етті.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабының 1-1 тармағына сәйкес аудандық мәслихат депутаттары тұрақты түрде жылына бір рет сайлаушылар алдында мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі, сайлаушылар өтініштері мен ұсыныс-пікірлерінің жүзеге асырылуы және депутаттық қызметіміздің барысы туралы есеп беріп келеміз.

Өткен жылы аудандық мәслихат хатшысы мен тұрақты комиссия төрағалары 14 ауылдық округте есепті кездесулер өткізді. Кездесулер барысында тұрғындар тарапынан түскен 74 ұсыныс – пікірлердің 41-не түсінік берілді, 5 мәселе нақты шешімін тапты, 28 мәселе қаржыны қажет етеді.

 

  • Тоспа -1,
  • Коптаж -1,
  • Мәдениет үйі -6,
  • ФАП -4,
  • Ауыз су -4,
  • Жер асты суы -1,
  • Канал -2,
  • Электр желісі -1,
  • Әкімшілік ғимарат -1,
  • Портрет мәсл-1,
  • Пошта жұмысы -3,
  • Жер мәселесі -2,
  • Жайылымдық -1

 

Азаматтардың өз құқықтарын жүзеге асыру үшін жағдайларды жасау, мәселелерді анықтау мақсатында, бекітілген кестеге сәйкес жыл бойы депутаттар – «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың қабылдауын өткізді.

Депутат жұмысының негізі - депутаттық сауал. Осы тұрғыда 3 депутаттық сауал жолданған. Оның ішінде К.Қожағұлдың Кепебұлақ ауылындағы клубтың жылу жүйесін іске қосу үшін қаражат қарастыру, Н.Есжанның Сұңқар ауылының көпіріне ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізу туралы сауалы өз шешімін тапқан жоқ, ал Б.Юлдашеваның Шонжы ауылының онтүстік – батыс жағындағы 80 га жер алаңында түнгі жарықтың жоқтығы туралы мәселе оңтайлы шешілді.

Бүгінгі ақпараттық технологияның жетілген заманның өзінде - газеттің алар орны ерекше. Осыған орай «Аудандық мәслихат аппараты»мемлекеттік мекемесі 10, қызметкерлері -10, депутаттар корпусы 40 газет-журналға жазылды. Оның ішінде 10 - республикалық, облыстық -23, аудандық 24 (Қарадала тынысы -13, Іле өңірі -11), басқа да - 3. Аудандық мәслихат жұмысы туралы 21 мақала жарық көрсе, 5 депутаттың 12 мақаласы газет бетіне берілді. Өткен жылы облыстық және аудандық газеттеріне өз атымнан – «Мәслихаттарға -25 жыл», «Ел сенімі – ауыр жүк», «Жігерлі жандар» (пікір) және «Болашаққа баспалдақ» кадрлық резерв туралы 4 мақалам жарық көрді.

Аудандық мәслихат депутаттары ауданда өткізілетін қайырымдылық іс шараларға белсенді қатысып келуде.

Алтыншы шақырылған аудандық мәслихатта құрылған «Бюджет, экономикалық даму, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, байланыс, сауда, туризм, тұрғын үй мәселелер жөніндегі»(Юлдашев Камилжан Абдришитоглы), «Халықты әлеуметтік жағынан қорғау, жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, жастар ісі, мәдениет, тіл және діни мәселелер жөніндегі», (Дауренбеков Нұғайбек Хасенұлы) «Заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы, жергілікті өзін –өзі басқару, ауылшаруашылық, жер қатынастары, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі» (Ахметов Елнұр Мұхамеджанұлы) үш тұрақты комиссия өз жұмыстарын тиянақты атқаруда.

Өткен жылы тұрақты комиссиялардың жұмыс жоспарларына сай төмендегі мәселелер қаралды. Атап айтқанда:

  • Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ауданда орындалуы;
  • Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» №39 Заңының ауданда орындалуы;
  • Ұйғыр аудандық өндіріс телекоммуникация торабының атқарған жұмысы;
  • Туризмді жақсарту мақсатында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің атқарған жұмысы;
  • аудандық орталық ауруханасының атқарған жұмысы;
  • 2018 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы;
  • Ауылдық округ әкімдерінің 2018 жылғы бюджеттің атқарылуы;
  • Ауданның 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті;
  • Балабақшаларда мектеп алды даярлық топ ашу туралы.

 

Жалпы отырыстарда талқыланған мәселелер бойынша дайындалған анықтамалық құжаттар, ұсыныс – пікірлер, қаулылар мәслихат сессияларына, аудан әкіміне, қажеттілігіне қарай округ әкімдеріне, тиісті бөлімдер мен мекеме басшыларына жіберіліп отырады.

Өткен есепті жыл өкілетті орган мәслихаттардың құрылғанына 25 жыл толған мерейлі жыл болды.

Осыған орай, республикалық дәрежеде конференцияның өтуі жергілікті мемлекеттік басқарудың бір саласы ретінде саналатын мәслихаттардың тәуелсіздік жылдары еткен еңбектерінің бағалануы деп түсінген дұрыс.

Парламенттің жоғарғы палатасы – Сенат төрағасы Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызының өзі құттықтау сөз сөйлеп, келешекте қабылданатын заңдар жергілікті мәслихаттардың ұсыныстарын ескере отырып қабылданатынын, онлайн режимде ашық алаңдар өткізу тәжірибесін шынайылыққа айналдыру туралы айтқаны, мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың биылғы жылғы халыққа жолдауын жүзеге асырудың бірден бір жолы болмақ.

Конференцияға Үкіметтен, Мәжілістен арнайы айтылған құттықтаулар барлық депутаттық корпусқа жасалған құрмет екендігі даусыз.

Ал, осы конференциядан бір күн бұрын министрліктерде өткен кездесу халық қалаулыларының өз сайлаушыларының ұсыныс пікірлерін жоғары жаққа жеткізуге жасалған мүмкіндік болды.

Өз кезегінде мен де ауданымыздың егін шаруашылығын өркендету үшін магистралды каналдарды тазалауға қаржы бөлу туралы халық тілегін жеткіздім. (Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі)

Жоғарыда айтылғандай осындай кездесулер жыл сайын өткізілетін болса, одан биліктің де, ауыл халқының да ұтылмайтыны анық. Билік пен халық арасындағы алтын көпірдің беделі үстем, ал биліктің халық алдындағы абыройы асқақ, халықтың билікке деген сенімі жоғары болмақ.

 

Мемлекеттік жеке меншік әріптестік (ГЧП)

 

Құрметті қоғамдық кеңес мүшелері!

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Мен депутаттардың әрдайым тарихи міндеттердің биігінен табыла білеріне сенемін. «Қазақстан -2050» Стратегиясын жүзеге асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуде жергілікті атқарушы органдармен қоянқолтық жұмыс істейді деп санаймын. Бірліксіз істе береке болмайтынын, Ынтымақ жүрген жерде Ырыс бірге жүретнін қаперден шығармайық. Басты байлығымыз – ел бірлігін сақтай отырып, биік мақсаттарға ұмтылуды мақсат еттік. Сол мақсаттарға қол жеткізетін заңнамалық алғышарттарды жасайтын – сіздер. Халық қалаулысы деген абыройлы мәртебенің салмағын ауырсанбай арқалайтындарыңызға мен сенемін. Сіздерге Қазақстанның өркендеуі жолында маңызды шешімдер қабылдайтын жұмыста зор табыс тілеймін, -деген болатын.

Алдағы уақытта аудандық мәслихат депутаттары аудандық атқарушы билікпен бірлесе отырып ауданның әлеуметтік – экономикалық, мәдени дамуына өз үлесін қосады деп сендіремін.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.