Размер шрифта: больше или меньше

Отчет работы маслихата

Отчетный доклад секретаря Уйгурского районного маслихата Н.Есжана о проделанной работе за 2016 год по организации деятельности маслихата

Категория: Отчет работы маслихата
Дата: 28.03.2017
Просмотры: 534 Печать страницы
Отчетный доклад секретаря Уйгурского районного маслихата Н.Есжана о проделанной работе за 2016 год по организации деятельности маслихата
Отчетный доклад секретаря Уйгурского районного маслихата Н.Есжана о проделанной работе за 2016 год по организации деятельности маслихата
 
 
Алтыншы шақырылған
Ұйғыр аудандық мәслихаттың
2016 жылы атқарған жұмысы
туралы аудандық мәслихат хатшысы
Н.Есжанның есепті баяндамасы

 

 

 

 

Құрметті Алимжан Имтахунұлы!

Қадірлі депутаттар және сессияға қатысушылар!

 

Қазақстан Республикасының Конституциясында «Жергілікті өкілді органдар – мәслихаттар тиісті әкімшілік – аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды» - деп көрсетілген.

Аудандық мәслихат өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Конституциялық заңдарын, Президентінің Жарлықтарын, Бюджет, Салық және Жер Кодекстерін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңы мен Үкімет Қаулыларын басшылыққа ала отырып мәслихаттың регламенті негізінде жұмыс атқарып келеді.

Мәслихат қызметінің негізгі нысаны оның сессиялары мен тұрақты комиссиялары болып табылатындықтан, олардың отырыстарының жан – жақты дайындалуына басты көңіл бөлінеді. Депутаттардан және мәслихат аппараты қызметкерлерінен жұмысшы топтар, уақытша комиссиялар құрылып, іс жағдайына талдау жасалынады, анықтамалар дайындалады. Талқыланатын мәселелер бойынша ауылдық округтер мен тиісті мекемелерден хабарлама – анықтамалар жинақталады.

Депутаттар мен аппарат қызметкерлері бірлікте мәслихаттың күнделікті ұйымдастыру жұмыстарын, қоғамдық құрылымдар және тұрақты комиссиялар арқылы заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырып келеді.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Қаулысына сәйкес 2016 жылдың 20 наурыз күні мәслихат депутаттарының сайлауы өтті.

Додаға түскен 48 үміткерден алтыншы шақырылған Ұйғыр аудандық мәслихатына 14 депутат сайланды. Сайланған депутаттар білім, қаржы, ауыл шаруашылық, инженер және құқық салаларының мамандары.

Олардың 2-і орман шаруашылығында, 4-і білім саласында, 5-і қоғамдық бірлестіктерде, 1-і мекеме басқарса, 2-і сайланбалы қызметкер.

29 жасқа дейін 2 жас депутат сайланды, ол - 14,2 % құрайды;

30-40 жасқа дейін 3 - 21,4%,

41-50 жасқа дейін 2 - 14,2 %,

51-60 жасқа дейін 4 – 28,6 %,

61 ден жоғары 3 – 21,4 %, депутаттардың орташа жасы 46.

Ерлер 11, әйелдер 3.

14 депутаттан 7 депутат бұрынғы шақырылымнан қалып, 50 пайызды құрады.

Оның ішінде 5 рет сайланған -1, төрт рет сайланған -1, 3 депутат- 3 рет сайланса, 2 депутат 2 мәрте халық қалаулысы аттанды.

24 наурыз 2016 жылы алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың 1-ші сессиясы болды. Онда ұйымдастыру мәселесі қаралып, өз өкілеттігі мерзіміне 3 тұрақты комиссия құрылып, оның төрағалары мен мәслихат хатшысы сайланды. «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясы бекітілді.

Өткен есепті жылда аудандық мәслихат кезекті 4, кезектен тыс 6, барлығы 10 сессия өткізіп, 64 шешім қабылдады. Оның 8 нормативтік құқықтық акт.

Атап айтқанда 2015 жылдың 22 желтоқсанында 2016-2018 жылдарға арналып бекітілген 5 млрд 353 млн 452 мың теңгелік аудан бюджетіне 2016 жылы 5 рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Сонымен қатар, аудан бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы, аудандық мәслихат аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің қызметтік бағалаудың әдістемесін бекіту туралы, аудандағы жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы, Ұйғыр ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары туралы шешімдер қабылданып, облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өтті. Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» заң талаптарына сәйкес шешімдер аудандық «Қарадала тынысы – Қарадала нәпәси» газеті мен мәслихаттың ресми сайтында жарияланып отырды.

Елбасымыздың «100 нақты қадам» 5 институционалдық реформасының 99 қадамын орындау мақсатында Ұйғыр ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру үшін жұмыс тобы құрылып, қоғамдық кеңесті жасақтады және оның ережесін бекітті.

Аудандық мәслихаттың 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2015 жылғы аудан бюджетінің атқарылғаны жөнінде аудандық қаржы бөлімі басшысы мен Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының есептері тыңдалды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сай аудан әкімі жанынан құрылған комиссиялар мен кеңестердің құрамына өзгерістер енгізіліп, ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына өз үлесін қосқан 4 жерлесімізге «Ауданның құрметті азаматы» атағын беру туралы аудан әкімінің ұсынысы депутаттар тарапынан оң шешімін тапты.

Аудан әкімі Алимжан Имтахунұлы Тохтасуновтың және аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы А.Құдайбердиевтің мәслихат депутаттарының алдындағы есептері тыңдалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» №19 Жарлығына сәйкес Ават және Бахар ауылдық округ әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы жөнінде есептерін берді.

Аудандық қоғамдық кеңес мүшелерінің өкілеттігін тоқтату және құрамына жаңа мүшелерін қосу туралы және аудандық мәслихат депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімдер қабылданды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес -2020» мемлекеттік бағдарлмасының ауданда орындалуы және алдағы міндеттер туралы аудан әкімінің орынбасары Құралбек Ахметбайұлы Бекмуханбетовтың баяндамасы тыңдалып, тиісті шешім қабылданды.

Алтыншы шақырылған аудандық мәслихатта құрылған «Бюджет, экономикалық даму, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, байланыс, сауда, туризм, тұрғын үй мәселелер жөніндегі», «Халықты әлеуметтік жағынан қорғау, жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, жастар ісі, мәдениет, тіл және діни мәселелер жөніндегі», «Заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы, жергілікті өзін –өзі басқару, ауылшаруашылық, жер қатынастары, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі» үш тұрақты комиссия өз жұмыстарын тиянақты атқаруда.

Атап айтқанда:

1.1 Аудандық қаржы бөлімі мен Алматы облыстық тексеру комиссиясының 2015 есепті қаржы жылындағы аудан бюджетінің атқарылуы жайлы есебі;

1.2 Аудандық пошта байланыс торабының аудан тұрғындарына қызмет көрсетуі;

1.3 Кәсіпкерлік палатасы Ұйғыр аудандық филиалының атқарған жұмысы;

2.1 «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы;

2.2 Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ауданда орындалуы;

2.3 Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүмкіндігі шектелген балаларға үйде қызмет көрсету туралы есебі;

2.4 «Ұйғыр су құбыры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының атқарып жатқан жұмыстары.

3.1 Халыққа қызмет көрсету орталығының атқарған жұмысы туралы;

4.1 Шонжы политехникалық колледжінің жұмысы туралы;

4.2. Аудан бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және біріңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарлату туралы;

4.3. Ұйғыр аудынының елді мекендерінің шекараларын (шектерін) өзгерту туралы;

4.4. Ұйғыр ауданының 2016 - 2020 жылдарға арналған даму бағдарламасына өзгертулер енгізу;

4.5. Ауданның 2017-2019 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы;

4.6. Аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ауданның жолдарын ұстау және жөндеу жұмыстары бойынша атқарған жұмыстары туралы мәселелер қаралды.

Отырыстарда талқыланған мәселелер бойынша дайындалған анықтамалық құжаттар, ұсыныс – пікірлер, қаулылар мәслихат сессияларына, аудан әкіміне, қажеттілігіне қарай округ әкімдеріне, тиісті бөлімдер мен мекеме басшыларына жіберіліп отырады.

Мәслихаттың өткен сессиялары мен тұрақты комиссиялар отырыстары жөнінде мақалалар аудандық баспасөз беттерінде жарияланып отырды.

Аудандық мәслихат депутаттары Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауларын насихаттауда тұрақты жұмыс жасауда. Депутаттар өздері сайланған сайлау округтері тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырып келеді. Әр ай сайын сайлаушыларды қабылдау күні белгіленіп, ол алдын ала аудандық газетке және мәслихаттың веб сайтына жарияланған кесте бойынша жүзеге асырылады. Осы кездесулер барысында сайлаушылар тарапынан 89 сұрақ келіп түскен болса, оның 41 шешімін тапты, 31 сұраққа түсінік берілді, 17 сұрақ шешімін таппады.

Алдағы уақытта Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде және одан туындайтын мәселелерді жүзеге асыруда атқарушы билікпен бірлессе жұмыс жасауда және жасай бермек. Әсіресе кооперативтер құру мәселесі бойынша әр депутат өз сайлау округтерінде жұмыс жасауда.

Мәслихат аппаратына өткен жылы жеке тұлғалардан жазбаша 1, ауызша 9 өтініш келіп түссе, жоғары органдардан 70, ал жергілікті мекемелерден 110 хат келіп түскен болса, жоғары органдар мен жергілікті мекемелерге жалпы 148 хат жолданды. Барлық хаттарға уақтылы жауаптар берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалаларды, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» 2013 жылдың 24 сәуірдегі №555 Жарлығына сәйкес, аудан әкімі мен ауылдық округтегі жергілікті қауымдастықтың ұсынысымен Дардамты (26.05) және Үлкен Ақсу (29.10) ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау өз дәрежесінде өтті.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты жанама сайлау негізінде сайланатындықтан 2016 жылдың 1 шілдесінде Алматы облысы бойынша шығып қалған Сенат депутатының сайлауына аудандық мәслихат депутаттары 100 пайыз қатынасып, өз таңдауларын жасап қайтты.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 8 бап 1-ші тармақ 1-ші тармақшасында Мәслихаттар жылына кемінде 1 рет халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп береді деп көрсетілген. Осыған орай, осы жылдың ақпан айының 27-нен наурыз айының 9-ы аралығында барлық ауылдық округтерде өз есебімізді беріп қайттық. Кездесу барысында 51 сұрақ келіп түсті. Оның 28- не сол жерде жауап берілді. 13 мәселе бойынша тиісті орындарға айтылды, 10 сұрақ шешімін таппады. Аудандық мәслихат пен тұрақты комиссиялар жұмысы сайлаушылар тарапынан қанағаттанарлық деген баға алды.

15 наурыз күні аудандық мәслихат аудандық қоғамдық кеңес алдында өз есебін берді. Кеңес мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Өз кезігінде қоғамдық кеңес мәслихат есебін қаңағаттанарлық деп бағалады.

Алдағы уақытта аудандық мәслихат депутаттары аудандық атқарушы билікпен бірлесе отырып ауданның әлеуметтік – экономикалық, мәдени дамуына өз үлесін қосады деп сендіремін.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.