Размер шрифта: больше или меньше

Новости

25 ЖЫЛ !!!!

Категория: Новости
Дата: 26.12.2019
Просмотры: 24 Печать страницы
25 ЖЫЛ !!!!

Үстіміздегі жылдың жаңа жыл қарсаңында Ұйғыр аудандық мәслихаттың ұйымдастыруымен жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) құрылуына 25 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өткізілді.

Ауқымды іс-шараға аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Есжан бастаған бір топ депутаттар, аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары, мектеп директорлары және қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты. Келелі кездесу барысында аудан әкімі Ш.Нурахунов және аудандық мәслихаттың 1,2,3 және 4 шақырылымының депутаты А.Сейитов халық қалаулыларын ширек ғасырлық мерейтойымен құттықтады.

Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 25 жылдығына орай, жергілікті өкілді органдардың қалыптасып нығаюына және өңірдің әлеуметтік – экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін аудандық мәслихаттың ардагер хатшылары мен депутаттары, сонымен қатар аудандық мәслихаттың 6 шақырылымының депутаттары мен аппарат қызметкерлері мадақтама және мерекелік медальдарымен марапатталды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.