Размер шрифта: больше или меньше

Новости

Совещание

Категория: Новости
Дата: 14.06.2018
Просмотры: 57 Печать страницы
Совещание

2018 жылдың 13 маусымында аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен «Ұйғыр су құбыры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны мен М.Жалилов атындағы орта мектебінен аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Есжанның атына түскен хатыны талқылау бойынша отырыс өтті.

Отырысқа аудандық Шонжы ауылдық округінің әкімі, «Ұйғыр су құбыры» МКК, аудандық білім бөлімінің басшылары, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекция бөлімінің мамандары, екі нысанның мердігері «Азамат құрылыс» ЖШС-ң бас инженері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.

Отырыс барысында 2016 жылы Шонжы ауылының су жүйесінің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгенде 35 құбыр жапқышы орнатылмаған. Сол себептен, су жүйесінде су құбыры жарылған жағдайда, аталған құбыр жапқыштарының орнатылмағандығы үшін суды бас су жинағышынан беру тоқтатуға тура келетіні және М.Жалилов атындағы орта мектебі бойынша 2017 жылы өткізілген күрделі жөндеу жұмыстары барысында мердігер тарапынан біраз жұмыстар толық жасалмағаны жөнінде мәселелер ортаға салынып, талқыланды.

Жоғарыда аталған сын ескертпелерді «Азамат құрылыс» ЖШС-ң бас инженері 10 күн ішінде жойып, 25 маусымына дейін іс шара жоспарын жасап аудандық мәслихат аппаратына тапсыратыны туралы сөз берді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.